Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар мен олардың аналары мерекеде қандай сыйлық таңдайтындарын айтты

Түсініксіз тілде ән айтып, жылдам танымал жұлдызға айналған МС Сайлаубек тағы да ішіп кетіпті… Дәл осындай жел сөздің тарағанына да аз уақыт болмады,-деп жазды 31 арна.

Аша Матай_150217

Жақында жазылған бұл бейнежазбада рэпер МС Сайлаубектің расында да ащы судан ұрттап алғаны байқалады. Сөзіне қарағанда ол біреуге ашулы. Тіпті, өзін алдап кеткенін айтады. Желі қолданушылары рэпер мен продюсер арасындағы даудан Сайлаубек осындай жағдайға түсті дейді. Алайда, өзі мұны  жоққа шығарды.

Дегенмен, рэпер көпшілік ойлағандай ішімдікке салынып кетпепті. Тойларға шақырту алып, репертуарын жаңартып жүр.

МС Сайлаубек болашақ жарына шоқ гүл іздеп базарға асығып жетті. Сөрелердегі самсап тұрған ал-қызыл гүлдерді көргенде таңдай алмай біраз басы қатты.

Тіпті гүлдердің әдемілігіне ғана емес, олардың иісіне де аса мән берді.

Міне, бірер минуттардан кейін гүлдің иесі, яғни МС Сайлаубектің сүйіктісі келеді. Тағатсыздана күтіп отырған рэппердің бұл саябақты таңдауы бекер емес екен. Алғаш екі ғашық дәл осы орындықта, дәл осы жерде танысқан екен. Тойдың көркіне айналып жүрген Сайлаубек сүйіктісін көрсетуден бас тартты, алайда тек біздің бағдарламаға ғана сырт жақтан түсіруге рұқсат берді.

28 жастағы арудың есімі – Жазира. Оңтүстіктің тумасы. Ал, 41 жастағы рэппер болса, биылдан қалмай үйленуге дайын екен.

«Өмірлік  жар ретінде таңдаған қызым бар. Сол бүгін күтіп алдым. Екі жыл болды көрмегелі. Сырт көзден қызғанамын. Жаз айында үйленемін»,-дейді Рэпер МС Сайлаубек.

Соңғы шыққан әндерін де МС сүйіктісіне арнайды екен.

Ал өткен жылы отбасын құрған әнші Серік Ибрагимов сыйлық таңдауға келгенде  романтик емес болып шықты.

«Романтик емеспін, білетінім сол гүл сыйлау»,-дейді әнші Серік Ибрагимов.

«Меломен» тобының әншісі Ролан Қазретов анасына сыйлықты таңдап қойыпты.

 «Осы жолы  анам өзіме тапсырыс берді, 8 наурызға маған осындай зат сыйлайсың деп. Оны міндетті түрде сыйлаймын. Ол өзінің ұнатқан бір алқалары бар екен. Соны маған былайша айтқанда бұйырған. 8 наурызға осыны сыйлайтын бол деп!.»,-деді  “Меломен” тобының мүшесі Ролан Қазретов.

Қайрат Нұртас 8 наурыз мерекесінде анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованы елеусіз қалдырып көрмепті. Сөйтіп, әр жыл сайын қымбат сыйлық алып беруді әдетке айналдырған. Осыдан екі жыл бұрын дәл осы мерекеде Лексус маркілі ақ темір тұлпар сыйласа, былтыр 3-бөлмелі пәтер,  ал биыл гаухар тастармен көмкерілген қымбат әшекей-бұйым тарту етпек екен.

 Бір-бірін сахнада талғамсыз киінеді деп айыптап, кейін балағат сөз айтты деп сотқа сүйреген сәнгер Жадыра Сахиева ақыры әнші  Меруерт Түсіпбаевамен татуласып тынды. Даудың басына алғаш болып нүкте қойған Жадоның өзі екен.

 Сот процесінен әбден шаршаған сәнгер бірінші болып әншіден кешірім сұраған. Кейін Меруерт те Жадодан кешірім сұрады. Алайда, айтарын айтып алған әнші бұл жанжалдың ушығуына өзін емес, бір қызығы, журналистерді  кінәлайды. Мереке алдында екі бірдей өнер адамының татуласқанына көпшілік шын қуанды.

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде қандай ән шырқайтыны белгілі болды (видео)

Танымал ақын Димаш орындаған “Адажио” әнін қазақша сөйлетті (видео)

Қарақат Әбілдина Димашты уақытында бағаламағандарды сынап тастады

“Димаш” есімі брендке айналатын болды

Талқылау