Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар балаларының болашақ мамандықтары туралы айтып берді (фото)

Отандық эстрада жұлдыздары балаларының болашақ мамандықтары туралы сөз етті. Олардың басым бөлігі ұрпақтарының өнер жолын таңдауын құптамайтынын жеткізді.

жулдыздар балалары-060217

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

Мәселен, Сәкен Майғазиевтің ұлы спортты жанына серік еткен. Ол бүгінде қаржы саласы бойынша білім алып жатыр. Ал Мәдина Сәдуақасованың небәрі 3 жасар ұлы әкесі секілді анасының әндерін тек тыңдағанды ұнатады. Осы және өзге әншілердің ұл-қыздары туралы білу үшін жұлдыздардың өз әңгімесіне зер салайық.

Сәкен Майғазиев:

Ұлым қаржы саласының колледжін бітірді. Енді Кимэп-те жоғары оқу орнында оқып жатыр. Ол өнерге қарағанда спортқа бейім болды. Ал өзінің тыңдаушылық, есту қабілеті өте жоғары жұбайым сияқты, екеуі өте жақсы сыншы.

15802775_953544711443613_5750487345602232320_n

Бұған дейін қыз балаларға қиын-ау деп ойлайтынмын. Ал бірақ қыздарымның музыкалық талғамы қазірден-ақ байқалады. Мысалы, Раянам 3 жаста, ал Мәриямім 1 жасқа толды. Екеуі қазір Майра Мұхамедқызын тыңдамаса ұйықтамайды.

Гүлмира Ақүрпекова:

Менің қызым өнер жолында. Оған да Димаштың жолын берсін. Бірақ әншілік жағынан емес, актерлік жағынан болатын шығар деген ойдамын.

akurpekova_060217

Мәдина Сәдуақасова:

Менің ойымша, ол әр ата-ананың арманы. Менің де балам үлкен белестерден көрініп, шыңдарға көтерілсе деймін. Біз Италиядағы Ласкала опера және балет театрына барған кезде ұлым бір қозғалмастан тыңдады. Біз, әрине, таңғалдық. Көлікте отырған кезде әкесіне «маманы қойып бер» дейді. Мамасының әндерін тыңдайды.

MadinaSadvakasova_01

Мұқасан Шахзадаев:

Үлкен ұлым үлкен тенниспен айналысты. Одан кейінгі екі ұлым футболда. Шынымды айтсам, балаларымның менің жолымды қуғанын қалаған жоқпын.

Мукасан улдарымен_060217

Медеу Арынбаев:

Менің ұлым музыкаға жақын болды. Бірақ әкесінің, анасының музыкант болғанын көрді ме екен, домбыра шертіп жүртіп, одан кейін гитараға бет бұрып, 6-сыныпта бәрін тоқтатты.

Медеу Арынбаев-060217

Асхат Тарғын:

Қызым арасында байқауларға хаттама жіберіп, қатысып тұрады. Кейде облыс арқылы, әкімшілік арқылы қатынас қағазын жіберіп тұрады. «Папа, осындай байқауға қатысайын деп жатырмын» деп айтады. Ол енді қыз бала, барлығын уақыт көрсетеді. Қыз бала жат жұрттық, оның болашақта тұрмыс құруы бар. Ал бірақ өмір бойы ән айтып жүруге, әрине, рұқсат бермеймін.

13187954_650813465065690_235715011_n

Жіберіп алмаңыз:

Асқар Жүнісбековтің тоқал алғысы келіп жүргені рас па?

Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота жасататынын мәлімдеді

Нұртас Адамбай билікке науқас балаларды тегін емдеу жобасын ұсынды

“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?

Талқылау