Жұлдыз Өмірғали жүктілігін жасырмайтын болған
КешYou-дің бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали енді жүктілігін жасырмайды. Шындықты жасырғаннан опа таппаспын деді ме, ол әлеуметтік желідегі парақшасына аяғы ауыр күйінде түскен суретін жүктеді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Алайда жас әнші елдің сөзінен қашса керек-ті, ол бұл суретіне пікір қалдыруды шектеп тастапты.
Бұдан кейін Жұлдыз тағы бір суретімен бөлісіп: “Негізі бәріміз жақсы адамбыз. Жақсы адамдарға сәтті күн тіледім”, – деп жазды.
Сол сәтте-ақ желі оқырмандары әншінің жүктілігіне қатысты жағымсыз пікірлерді қарша боратты.
“Айқынға бала тауып бердің бе”, “Жүкті екені рас болды ғой”, – деп жазып жатты олар.
Алайда Жұлдыз жеке өміріне қатысты пікірлердің бәрін өшіріп тастаған.
Жіберіп алмаңыз:
Серікбол Сайлаубек 60-қа толған анасына дүркіретіп той жасап берді (фото, видео)
Афроамерикалықтармен биге басқан Бүркіттің жары желіні шулатты (видео)
Бүгін “Димаш” ұшағы алғаш рет әуеге көтеріледі (фото)
Арман Қоңыр: Түн ортасында қызымның жөргегін ауыстырып, әйеліме көмектесемін