Жұлдыз Әбдікәрімова тарихи фильмде басты рөлді сомдауы мүмкін
Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова тарихи фильмге түсуі мүмкін! Алдағы уақытта келінін танытуды көздеп отырған Гүлзира Айдарбекова осылай дейді.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
“Ұсыныстар қарап көреміз. Мен негізі тарихи киноға түссе деп ойлағанмын. Бірақ енді осы кинодан бастайық дедік. Жақында жұрттар “Томирис” фильміне барып көрмейсіздер ма?” – деп ұсыныс тастаған. Бірақ өз киномызды бітіріп барып, көрейік дедік”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Ал Нұртас Айдарбеков Қайрат пен Жұлдыздың балалары жайында сөз етті. Ол немерелерін көрсетуге әлі дайын еместігін айтты.
“Алла жазса, ол күнге де жетерміз деген ойдамыз. Мұсылман “әстін-әстін” дейді ғой. Жайлап-жайлап бәрі де уақытысында болады.
Немерелеріміз Астанада, қарайтын даяшылар, кісілер бар. Балалардың бүкіл жағдайы қарастырылған. Құдай қаласа, көрсетеміз. Қазір айтқым келмейді. Көз тиіп кетеді”, – дейді Нұртас Айдарбеков ағынан жарылып.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғали жары Толқынға арнаған әнді өзі жазғанын айтып мақтанды
Гүлзира Айдарбекова келінін жылдар бойы жасыруының себебін ашып айтты
Әріптестері Төреғалидің тойды тікелей эфирден көрсету идеясын сынап тастады
Мәдина Сәдуақасова: Қоғамдық проблема туралы фильм түсірген Қайраттың алдында бас иемін