Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова: Тағы он жылға жоқ боп кетейін бе?

“Сен-ақ шаршаттың! Әрі қарай үйіңде отыра беруің керек еді!” Бұл желі оқырмандарының Жұлдыз Әбдікәрімоваға жазған жағымсыз пікірлері. Жұлдыздың қайта-қайта ел алдына шығып, жарқырап жүргені іштар жандарға ұнамай жатқан секілді. Дәл осы себепті Қайрат Нұртастың келіншегі инста-оқырмандарына шағымын айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Сен-ақ шаршаттың”, “Көргім келмейді сені”, “Бес тонна бояу”, “От жира бесишься”, “Достала ты”, “Лучше бы дома дальше и сидела”, “Бесишь”, “Инстаграмнан шықпайтын болыпсың”, “Кімсің сен”, – осындай сөздер маған да келіп жетті. Қайтем енді ұнамай жатсам сіздерге?! P.S. Тағы он жылға жоқ болып кетейін бе?” – деп назын айтты Жұлдыз.

Әбдікәрімованың аталған посты қызу талқыға түсті. Мыңнан аса жан Жұлдызға жұбату айтып, іштарлық танытып жатқан адамдардың сөзіне мән бермеуге кеңес берді.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә: «Жұлдыздарды» жеке өмірі үшін көрермені сынаса, олар түзеледі

Әнші Адэми отбасылы еркекпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Танымал тұлғалар шахтерлердің жалақысын көтеруді талап етті

Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген

Талқылау