Жұлдыз Әбдікәрімова алғашқы киножүлдеге ие болды
Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова алғашқы киножүлдеге ие болды. Ол “Арман/Когда ангелы спят” фильміндегі рөлі үшін “Астана дарыны 2017” наградасымен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Әбдікәрімованың өзі айтып берді.
“Бұл туралы ақпарат таратпаймын деп ойладым. Бірақ іштегі қуанышымның үлкендігі соншалық, онымен бөліспей тұра алмадым. Астана әкімі Әсет Исекешевтің “Астана дарыны 2017” жүлдесіне ие болдым (“кино” аталымы бойынша). Бұл мен үшін алғашқы марапат әрі күтпеген жеңіс. Неге десеңіздер, бұл ең алдымен, менің емес, сіздердің жетістіктеріңіз. Сіздердің маған деген махаббаттарыңыз, жеке тұлға ретінде қызығушылық танытқандарыңыздың және де ең бастысы ізгі тілектеріңіздің арқасында осы күнге жетіп отырмын. “Арман” фильміндегі рөлімді жоғары бағалаған Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Асхат Ораловқа деген алғысым шексіз. Осы марапатты Тұңғыш Президент күні иеленгенім мен үшін үлкен мәртебе”, – деп бөлісті Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желідегілер Әбдікәрімованы жарыса құттықтауда.
Жіберіп алмаңыз:
Плагиат әнге клип түсірген Сиви Махмуди сынға ұшырады (видео)
Айнұр Тұрсынбаева: Желіге 15 мың теңгенің затын салсақ бәлеге қаламыз
Мәдина Сәдуақасованы қолынан тартқан Мақпал Жүнісованы желі қолданушылары сынап тастады (видео)
Бағым Мұхитденова алғаш рет Мөлдір Әуелбекованың сатқындығы жайлы шындықты айтты