Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүктіліктің ең сирек түрін өткерген әйел бірден екі жұп егізді дүниеге әкелді

АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Тонтон қаласының тұрғыны екі жұп егізді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

People басылымының жазуынша, 35 жастағы Эшли Несс жүктіліктің 28 аптасында кесарь тілігі арқылы екі қыз және екі ұл босанған. Қос егіз бір минут аралықта дүние есігін ашыпты. Алдағы сегіз аптада олар дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетсек, жүктіліктің ең сирек түрін өткерген әйелдің бір уақытта екі жұмыртқа жасушасы ұрықтанып, кейіннен олар төртке бөлінген. Бөлінген жұмыртқа жасушалары әртүрлі плаценталарда жатқандықтан, қос егіз өмірге келген. Мұндай құбылыс шамамен он миллион жүкті келіншектің тек бірінде ғана байқалады. 

"Бұл жағдайды лотереяға теңесек, ол өте бай адам болар еді", - деді Феталь терапия орталығының директоры және Джон Хопкинс медициналық университетінің акушерлік және гинекология профессоры Ахмет Башат.

Эшли Несс жарты күн шаштараз болып жұмыс істейді. Келіншек сегіз жасар қызымен, 47 жастағы сүйіктісімен және жолдасының екі ұлымен бірге тұратын көрінеді. Төртемді дүниеге әкелмес бұрын ол төрт рет түсік тастапты. 

Талқылау