Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам жүкті әйелді соққыға жыққан (видео)

Әлеуметтік желіде ер адамның көше ортасында жүкті әйелді соққыға жыққаны түсіріліген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Видеоны жариялаған ауыл тұрғындарының айтуынша, Алматы облысы, Бәйдібек би ауылындағы дүкеннің жанында бұрын сотты болған ер адам жүкті әйелді ұрып-соққан. Белгілі болғандай, шабуыл жасаған ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен.

"Видеодағы әйел біздің ауылдың дәрігері. Әйел дүкеннен шыққан, ер адам оның көлікке баратын жолын жауып тастаған. Алғашында екеуі сөзге келіп қалып, кейін ер адам ауыр дене жарақатын салған. Әйел аудандық орталық ауруханаға жатқызылды", — делінген видеоның сипаттамасында.

Сондай-ақ, жазбада ер адамнан ауыл тұрғындары зардап шегіп жүргені, балалары мен әйелдері үшін қорқып, оқиғаны жария етуді сұрайтындары айтылған.

Алматы облысы ПД 22 қазан күні Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне көшеде өзін соққыға жыққан ер адамға шара қолдану үшін 37 жастағы әйел хабарласқанын мәлімдеді.

Аталған деректі полиция қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша тіркеді. 1975 жылы туған күдікті азамат анықталып, ұсталды.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайларын зерттеу үшін сараптама тағайындаумен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Полиция күдіктінің психоневрологиялық диспансерде есепте тұратынын растады.

Талқылау