Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүксалғышқа бірінің үстіне бірін үйген": Алматылық ерікті Қаңтар оқиғасы кезіндегі естеліктерін айтып берді

Алматылық ерікті Жандос Сейіт Қаңтар айындағы оқиғаның куәгері ретінде  өз естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

еріктіТүсірілімнен скриншот

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ер адам жедел жәрдем ауруханасында кезекшілікте болды, онда жаралылар қаланың түкпір-түкпірінен жеткізілді.

“Алтысы күні кешке алаңдағы оқиғадан соң, жаралыларды әкеле бастады. Сонда Джип көлігінің жүк салғышын ашып қалған кезде адамдар үйіліп жатыр. Бірінің үстіне бірін салған”, – деді "Мен алматылықпын" қоғамдық қозғалысының еріктісі Жандос Сейіт.

Ерікті 5 қаңтарда жұмыстан қайтып жатқанда, жаппай тәртіпсіздіктерге куә болғанын еске алады. Дәл сол күні Алматыда ең қызу қақтығыстар басталды. Ер адам көшеде жараланғандардың көп екенін көрді. Содан кейін ол дәрігерлерге көмектесуге бел буды. Жандос жедел медициналық жәрдем ауруханасында кезекшілік етті. 

Бүйрегіне оқ тиген қызды әкелді. Ол көлікті тұраққа қойып, ішінде отырған кезде оқ атылды. Одан кейін бір жігіт досын алып келді, оның басына оқ тиген. Оны алып келгенше, ол мұздай болып қатып қалыпты. Тағы бірнеше жігіт ота орнында көз жұмды, – деді ерікті. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 10 Қаңтар, 2023 13:23
Талқылау