"Бассейні батпаққа ұқсайды": Түркиядағы бес жұлдызды қонақүй қазақстандық отбасыны шошытты

Қазақстандық тұрғын Түркияға тур сатып алып, саяхаты ойлағандай болмай шыққанын айтты. Себебі туркомпанияның ұсынған қызметі айтылғанға сай болмапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуандық Мағзамов 9 мамырда отбасымен Түркияда саяхаттау үшін HT туристік компаниясына жүгінген. Туристік оператор арқылы сондағы қосымшамен олар Wyndham Alanya қонақүйін таңдады. Себебі түсініктемеде бұл жағажайы мен бассейні бар бес жұлдызды қонақүй деп көрсетілген. Фотода жағажай мен бассейн болғанымен, жарнамаға өтірік фото қойылғаны белгілі болды. Ол осы саяхат үшін 4 миллион теңге кеткенін айтты.
“Фотосына қызығып таңдаған қонақүй мүлдем ондай емес болып шықты. Ішінде ештеңе жұмыс істемейді. Бассейннің жағдайы нашар, лас. Жағажай жоқ, аквапарк жабық, СПА қызметі де қарастырылмаған. Балаларға арналған бассейн батпақ секілді, тазартқыш фильтрі жоқ, айналада темекі тұқылы жатыр. Құтқарушы да жоқ, қауіпсіздік сақталмапты. Анимация қарастырылмаған, тып-тыныш”, – деді ол.
Ер адам туристік компания менеджеріне жазып, қонақүйді ауыстыруды сұраған. Олар қонақүйді ауыстырғаны үшін айыппұл төлейтінін айтты.
"Басқа фотоны қою алаяқтық деп санаймын. Қазір мезгіл емес деп ақталу орынсыз. Сатты ма, сол сатқан талапқа сай болуы керек. Компания бағасы сай келетін қонақүйлерді өзімізге іздесін деді. Оның үстіне айыппұл төлеуіміз керек екен. Соңында олардың ұсынған нәрсесі сай болмағанына бізді кінәлі етіп отыр. Мен әдейі үстінен ақы төлемеймін”, – деді Қуандық.
Туристік компания бұл жайтқа кінәлі емес екендерін айтып отыр.
“Біз – турист пен туроператор арасындағы делдалмыз. Қонақүйлермен тікелей келісім жасамаймыз. Аталмыш ұсыныстар туроператордан болды. Үстінен ақы төлеп, басқа қонақүйге ауысуға да ұсыныс айтылды”, – деді туристік компания өкілі.
Ал туристік оператор туристің өзі сол жерді таңдады деп отыр.
“Егер аталмыш қонақүйді біз ұсынсақ, реніші орынды. Бірақ қонақүйді сіз өзіңіз таңдадыңыз. Қонақүй жаңа және ол туралы пікірлер жоқ. Бар ақпаратты жеткізуге тырыстым”, – деді туроператор.
Осы жайттан соң туроператор 3 қонақүй ұсынды. Сөйтсе біреуі екі есе арзан болғандықтан, үстінен ақы төлемеуге болады. Ал қалғанының бағасы бірдей болса да, үстінен ақша төлеу қажет.
“Миллион теңгелік қонақүйге балама ретінде 500 мыңдық жерді ұсынып тұр. Ол бес жұлдызды емес. Сол жердегі әкімшінің өзі “бұл орын сіздердің жеріңіздікіндей емес, ауыстырудың қажеті жоқ” деп ескертіп қойды”, – деді ол.
Қуандық бұл наразылығын желіге жүктегеннен соң HT туристік компаниясы кешірім сұрау мақсатында келесі саяхатқа 50 мың теңге бонус ұсынған.
Бірақ турист бұл ұсынысқа көңілі толмады. Өйткені сапалы демалыс үшін 4 миллион теңге жұмсап, алайда жағымсыз әсерде қалғанын айтады.
Бұл дауда Түркиядағы Wyndham Alanya қонақүйінің бас директоры кері байланыс беріп, кешірім сұраған. Яғни келесіде Түркияға саяхаттаса, осы қонақүйде тегін болуға ұсыныс білдіріпті.
@magzamov_kuandyk Если вы купили тур с описанными условиями отдыха, это ещё не значит что все это будет в отеле. Вот так мы решили рискнуть с новым отелем, и попали в такую ситуацию. Я очень расстроен 🤦🏻♂️ 🌴 Отель Wyndham Alanya 👉🏻 Тур брали у ht.kz Как нам поможет компания, у которой мы приобретали тур, расскажу в след. видео. Видео снималось 9 мая ребята, долго разбирался с ситуацией поэтому публикую сейчас.
♬ оригинальный звук - magzamov_kuandyk
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды