Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүк көліктері бір айдан бері өте алмай тұр: Қазақстан мен Қытай "Нұр жолы" бекетіндегі жағдайды бірігіп шешпекші

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті, ҰҚК шекара қызметі және индустрия министрлігі Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы" автомобиль өткізу пунктінің жұмысын тұрақтандыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауда.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі МКК баспасөз қызметіне сілтеп хабаралайды. 

нұр жолы

"Қытай автокөліктерінің Қазақстан аумағына кіруі үшін "Нұр жолы" АПП жұмыс технологиясын өзгерту мәселесі қарастырылуда. Жаңа процедуралар екі жақты бекітілгеннен кейін қытайлық тасымалдаушылар Қытайда өндірілген тауарларды Қазақстанның шекаралық көлік-логистикалық орталықтарына әкелу мүмкіндігіне ие болады. Сөйтіп одан әрі тұтыну аймақтарына тасымалдау үшін тауарларды қазақстандық/шетелдік транзиттік автомобильдерге қайта тиеу жүргізілетін болады", - деп хабарлады комитетте.

Бұл шара автокөліктің көп бөлігінің Қытай жағына шығу қажеттілігін және "Нұр жолы" шекара бекетінде жүк көліктерінің кептелісіне  болдырмайды. Келіссөздер аяқталуға жақын.

Covid-19 пандемиясымен күрес аясында Қытай тарапы енгізген санитарлық шекаралық бақылаудың күшейтілген шаралары Қазақстаннан көрші елге шығатын автокөліктердің кептелісіне себеп болып табылады, деп хабарлады ведомстводан.

МКК "Нұр жолы" пунктінің жұмысын тұрақтандыру үшін қазақстандық тарап ҚХР-мен шекара арқылы өтетін көліктердің санын күніне 100-ге дейін (бұрын 20 ғана көлік өтетін) ұлғайту туралы келісімге қол жеткізгенін атап өтті. Қазақстандық көлік құралдарының ҚХР аумағында болу уақыты 12 сағаттан 24 сағатқа дейін ұлғайды. Сондай-ақ, Қазақстаннан Қытайға бос көліктердің шығуы кезінде кедендік операцияларға 20 минуттан артық емес уақыт белгіленді.

Айта кетейік, Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайды айтып, жүк көліктерінің шағымданған еді. Ал маусым айының ортасында "Нұр жолы" өткізу бекетінің жанында алыс жүргізушілерге арналған полиция бекетін қойды. 

STAN.KZ
Жұма, 26 Маусым, 2020 14:10
Талқылау