Жүк көлігі әскери автобустармен соқтығысты: 4 адам қаза тауып, 41-і жарақат алды

Мәскеу облысындағы Новорижское тас жолында жүк көлігі әскери автобустармен соқтығысқан. Жол апатынан 4 әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апат Мәскеу облысындағы Александр Невский ғибадатханасының аумағында болды. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары келді.

Life Shot Telegram арнасының мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, апатқа себеп болған. Алдын ала ақпарат бойынша, бес автобусқа зақым келген.

Сонымен қатар, арна қаза болғандардың аты-жөнін жариялады. Олар қатардағы сарбаз болған: Михаил Петров (20 жаста), Алексей Волчок (19 жаста), Дмитрий Стрижков (20 жаста), Игорь Фураев (19 жаста).

Жүк көлігінің жүргізушісі 26 жастағы Иван Г. Мәскеу облысында әскери автобустардың колоннасында болған апаттың себебін атады.  

Оның айтуынша, ол "бір нәрсені сүртіп жатып" жолға назар аудармаған. Жүргізуші жол полициясы қызметкерлеріне осындай мәлімдеме жасады. Қазір оны жедел жәрдем тексерді, ер адамда ауыр жарақат жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша апаттан зардап шеккендердің саны 41 адамға жетті.

Облыстық денсаулық сақтау министрлігінде зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатқанын, апат медицинасы орталығы мен жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатқанын, санитарлық авиация тартылғанын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр