Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жуырда краш боламын": Әлем чемпионы қазақстандық ауыр атлет “ерекше” медициналық процедура жасатты

Ауыр атлетикаФото:ҰОК

Әлем чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы ерекше медициналық процедура жасатқанын айтып, көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы оқырмандарына жаңалығымен бөлісіп, шаш өсіретін медициналық процедурадан өткенін мәлімдеді.

"Барлығыңызды шошытып алған сияқтымын. Инстаграмым жарылып кетті ғой. Алдағы уақытта шашты қалай күту керек, қалай өсетінін – бәрімен бөлісемін. Үш, төрт айда краш Нұрғисаны көретін боласыздар", – деп әзілдеді Нұрғиса Әділетұлы.

Нұрғиса ӘділетұлыФото:Спортшының жеке парақшасынан

Жанкүйерлер де бұл жаңалыққа таңданысын жасыра алмай, түрлі пікір қалдырды.

"Әп-бәрекелді! Жуырда Қайрат Нұртас болайын деп тұрсың ғой", –  деп жазды олардың бірі.

Нұрғиса Әділетұлы 2024 жылы Манамада өткен әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаевтан кейін араға он жыл салып әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар ол – 2020 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан, 2025 12:02