Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жуып отырмыз": Айдар Тұрғанбек анасын кәуапқа шақырды

Айдар Тұрғанбек анасын кәуапқа шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жақында ғана қызды болған Айдар Тұрғанбек әлеуметтік желідегі парақшасында анасы екеуі қызының өмірге келуін атап өткен кездегі бейнежазбасын жүктеп, жазба қалдырған. Өнер иесі анамды кәуапқа апарып, жуып бердім деп әзілдеген. Айдар Тұрғанбек анасы мен әкесі туралы айтқан әнін бейнежазбаға қосып жариялаған. Ол анасына байқатпай түсіріп алғанын да жасырмады.

"Анашымның өмірге немересі келіп, енді екеуіміз жуып отырмыз. Кәуапқа шақырдым. Өздеріңіз білесіздер ғой видеоға түскісі келмейді, алдап түсіріп алдым", - дейді Айдар Тұрғанбек.

Видеода әншінің анасы көзіне жас алып, көңілі босап отырғаны байқалады. "Мама, халыққа бірнәрсе айтып жіберіңіз" деген ұлының сөзінен видеоға түсіріп жатқанын байқап қойған анасы, камераға түскісі келмей шағымданған. 

Жазбаны көрген желідегі жұрт пікір білдіріп, әншінің анасына ұзақ ғұмыр тілеген. Оған қоса қызды болған әншіні де құттықтап, ақ ниеттерін білдірді.

"Жаным, апам! Ұзақ жасасын!", "Аналарымыз аман болсын", "Қуаншытарыңыз құтты болсын", "Керемет, Айдеке! Жұмағыңыз мың жасасын! Анамыз аман болсын", "Немересінің бауы берік болсын. Ертең шәйын дайындайтын тәтті қыз болып өссін", - десті жұрт.

Талқылау