Жуынды ішіп, лас жерде ұйықтаған: Қарағандыда әке-шешесінен қорлық көрген маугли-қыз адамшошырлық күйде өмір сүріп келген

Мұрны сынып, аяқ саусақтары бүгілмей қалған "Маугли" қызды еріктілер өлімнен арашалап қалды. Қарағандылық ерлі-зайыпты төрт жасар бүлдіршінді күні-түні ұрып, өздерінен қалған жуындымен тамақтандырыпты.

Жуынды ішіп, лас жерде ұйықтаған: Қарағандыда әке-шешесінен қорлық көрген маугли-қыз адамшошырлық күйде өмір сүріп келген

Өлшемі кіші аяқ киімнен саусақтары бүгіліп, мүлде жазылмай қалған. Еріктілер тағы неден шошынды? Өзгелерден анасына бермеуді өтінген қыз бала қазір қайда? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Анама барғым келмейді. Анам ашулы", - деді бала. 

Араққа салынған анасы мен оныме бірге тұратын ер адамнан әбден қорлық көрген бүлдіршін еріктілерге дәл осылай жалынып, өзін үйге қайтармауын сұраған. Баланы басынып, бас-аяғынан сау жер қалдырмаған ерлі-зайыптылар еріктілердің "қыздарың қайда?" деген сұрағына да селқостық танытып, еш селк етпеген. Өйткені екеуі де удай мас. 

Өз отбасы өзегінен тепкен қыз бала үйінде Маугли секілді өмір сүрген. Қатты целлофанның үстінде ұйықтап, үлкендерден қалған жуындыны жеп-ішкен. Іші лас, сасық иіс мүңкіген баспанада тұрып жатқан бүлдіршін туралы еріктілерге куәгерлердің бірі хабарлаған екен. Жеткіншекті көрген олар, баланы бірден алып кетіпті. 

"Анасы Наташаға барып, "баланы неге ұрғансыңдар?" деп сұрағам. Ол қызда қан қысымы барын айтып ақталды. Бүлдіршіннің аяқ-киімі кіші өлшемде болғандықтан, аяқ саусақтары бүгіліп қалған. Шашынан тараған кезде басым ауырады деп жылады. Тамағы ісіп кеткен. Тілі әбден тістелген. Мұрны сынғандықтан, ұйықтағанда аузымен демалады. Біз бұл жайттардың барлығын полицияға хабарладық. Барлығы заң жүзінде іске асырылды", - деі ерікті Виктория.

Ал тұрмысы төмен отбасының көршілері болған жайттан бейхабар. Қорлық көрген қызды да, оның анасын да көрмейміз дейді. 

Бүлдіршін балабақшаға да бармайды. Ал ерлі-зайыптылар бұдан бұрын қылмыс жасап не жауыздық көрсету дерегімен көзге түспеген. Қарағанды қаласының білім бөліміндегілер бұл жайтты ести сала, қыз баланың отбасы мүшелерімен сөйлесіп, істің ақ-қарасын анықтап жатқанын айтты. 

"Қазір мен жіберген арнайы маман аталған отбасының үйінде. Қыздың анасы жайтқа қатысты түсініктеме жазып берді. Ал полиция департаментіндегілер бұл отбасы мүшелерінің бұрын істі болмағанын айтты. Баланы біз Теміртау қаласының кәмелет жасына толмағандарға арналған бейімдеу орталығына жібереміз. Онда оған психологиялық көмек көрсетіледі. Ал анасына әкімшілік жаза қарастырылатын болады",  - деді қалалық білім бөлімі қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгеушісі Әсем Еришова. 

Қызына қорлық көрсеткен әйел аналық құқығынан айырыла ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Мамандар қазір отбасының әлеуметтік жағдайын анықтап, қыздың нақты кімнен және қашан зәбір көргенін дәлелдемек. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...