Жүгіруге кеткен: Үш күн бойы іздестірілген қыз Нұр-Сұлтаннан табылды
Ақмола облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен аман-есен қыз табылды. Полиция істі тергеуге алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
15 жасар қыздың анасының айтуы бойынша, жасөспірім 12 шілдеде таңғы сағат 6-да Шортанды кентінің стадионына жүгіруге кеткен. Қырық минуттан кейін ұялы телефон өшірілулі болған.
"Бүгін, 15 шілдеде, із-түссіз жоғалған қыз табылды, 2004 жылы туған. Жасөспірім Нұр-Сұлтаннан табылып, полиция оны тұрғылықты жеріне жеткізді. Қыз бала медициналық көмекке мұқтаж емес", - деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қыз астанаға қалай барды, неліктен кетіп қалды және неге ата-анасына хабарламады, полиция осыны анықтайды.
Айта кетейік, қызды құтқарушылар, полиция қызметкерлері, еріктілер және аудан тұрғындары іздеді. Көкшетаудан іздеу иттері бар кинологтар мен сүңгуірлер жіберілді. Іздеу жұмыстарына екі жүзге жуық адам тартылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”