Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

Еліміздің ірі шаһарларында әнсапарлатып жүрген Қайрат Нұртас пен жұбайына жұрттың құрметі ерекше. Әсіресе, Жұлдыз Әбдікәрімованың аяғын жерге тигізбей қарсы алуда! Бірден атағы асқақтаған бикештің, бұлай ел алдында жиі бой көрсетуі шоу-бизнестің өзге өкілдерінің шамына тисе керек. Жұлдыздың сахнадан көрінуіне қарсылар да табылды.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жұлдыз Әбдікәрімованың бүгінде жарғақ құлағы жастыққа тимейтін болған. Тығыз кесте, әнсапар, таусылмайтын концерттер! Құдды сұраныстағы әншілердің өмір сүру салтындай! Жұлдыздың аяқ асты жұлдызы жануына Қайрат Әділгерей таңырқайды…

“Ішімнен қынжылтады қалай деп?! Жұмыс жасап жатасың, жұмысыңды барынша көрсетуге тырысып жатасың, қолдауға ешқандай жақсы пікірлерге ілінбейсің. Ал, былай біреудің әйелі болғаны үшін бірден қолпаштап, үлкен мәртебеге шығарып жатыр”, – дейді “Әзіл әлемі” театрының актері Қайрат Әділгерей.

Жұбайын жұрт назарынан жырақта ұстайтын Ғаділбек Жанай да, Қайрат Нұртастың бұл қылығын құптап отырған жоқ. Көз бен сөздің қаһарынан жасқанатыны тағы бар.

“Мынау менің келіншегім деп көрсетпеймін ғой. Себебі, өте сұлу! Тіл-көзден қашамын. Көрсеткім келмейді жылтыңдатып, өзі де құмар емес. Не керек ол?! Өзіңнің жеке өмірің ол өмірің, өнерің ол өнерің”,- дейді Ғаділбек.

Некелі жарын елге таныту немесе үйде жасырып ұстау әр азаматтың жеке көзқарасы деп біледі Арман Қоңырбаев. Жұлдызды өнер көшіне қосты деп, Қайратқа кінә арту орынсыз дейді ол.

«Бақыт тыныштықты жақсы көреді» деген. Өздері біледі ғой енді. Біз екеуміз де өнер адамы болғандықтан, біздің өмірімізде не болып жатқанын халық бірден біліп жатыр. Ал, басқалар өздері біледі”, – дейді Арман.

Шоу – бизнестің жілігін шағып, майын ішкен продюсер Гүлзира Айдарбекова Жұлдызды жоба ретінде бүгінде танытудың табысты боларын білген, деседі жұрт.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

Түркияның әйгілі актері Қазақстанға келді (видео)

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Жәния Джуринская: Дәрігерлер ақыл-есі кем бала боп туатынымды айтқан (видео)

Асылхан “қайырымдылық жасап мақтанды” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау