Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбайы Майғазиевтің өзіне ессіз ғашық болған күндерін еске алды

Жұбайымен отасқанына 20 жыл толған Сәкен Майғазиевтің сүйіктісіне жасаған тосынсыйы туралы бұған дейін де жаздық. 30 қабатты зәулім ғимаратта романтикалық кеш ұйымдастырған Сәкен, осы жоспарын алдын-ала құрғанымен, жұбайына тек бір күн бұрын естірткен. «Отбасылық одақтың» 20 жылдығын оңашада атап өткен ерлі-зайыптылар үшін, бұл сәт ностальгияға толы болды.

динара сакен майгазиевтер 310717

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ал, жарасымды жанұялық жұптың таныстығы сонау 1994 жылы, колледж қабырғасында бастау алған!

«Қайда отырсақ та, маған көз алмай қарап отыратын. Таңертең сабаққа кетіп бара жатқанда бұлар енді 2-ші курс, жаңағы көпті көрген жігіттер. Біз автобуспен барамыз. Бұл кісілер таксимен барады. Сол кезде аялдаманың қасына келеді де жүріңіз, апарып тастайын сіздерді деп, дос қызымызбен колледжге апарып тастайтын. Соны күніге қайталайтын», – дейді Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Асылханқызы.

«Бұл кісі біраз қинады 1 айдай маған жауап бермей жүрді. Төрт аптаның көлемінде. Ойланайын, мен сізді көре салып, иә деуге қайдан деп. Содан төрт аптадан кейін беті бері қарап, менің қандай пиғылдағы адам екенімді көріп, келісімін берді», – дейді Сәкен Майғазиев.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев өнер мектебін ашты (видео)

Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын

Ерке Есмахан ата-анасының “алтын тойын” концерт сияқты өткізді (видео)

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

Талқылау