Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыптылар даяшы қызға шайпұл қалдырып, басқа да қарыздарын төлеп берді

Күтпеген тосынсыйлар адамның өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Аустралиялық отбасы даяшы қызға 400 доллар көлемінде шайпұл қалдырып, оның өзге де қарыздарын жауып берген екен.

Бұл туралы best-fan.ru басылымы жазды.

Кайла Гавайға колледжде оқу үшін көшіп келген. Бірақ, ол басына түскен қиындықтардың барлығын бірдей ретке келтіре алмай жұмыс пен оқу арасында таңдау жасаған. Қыздың қарыздары көп болған соң нені таңдайтыны алдын ала белгілі болған. Ол аптасына 80 сағат даяшы болып жұмыс істеген. Үнемі жұмыстан шаршап, бос уақыты да болмаған.

Бір күні ол мейрамханаға келген аустралиялық жұпқа қызмет етеді. Олармен етене жақын сөйлесіп, өзінің қиналып жүргенін айтады. Аталған аймаққа оқу үшін келіп, қарыздарына бола жұмыс істеп жүргенін түсіндіреді. Жұп кетіп бара жатып ішкен астары үшін 200$ төлеп, шайпұлға 400$ ұсынады.

“Алғыстан басқа айтарым болмады. Себебі, сол сәтте қатты таңырқап қалдым. Десе де, олар тоқтаған қонақүйді есімде сақтап қалыппын. Мен ол кісілерге хат пен гүл және тәтті торт алып бардым”, – дейді Кайла.

Олар екінші рет кездескен кезде, аустралиялық жұп Кайланың қалған қарыздарын жауып бергілері келетінін айтқан. Мұнымен қатар, Кайланың оқуының ақшасын төлеп беруге уәде еткен.

“Біз қайтарымына ешнәрсе сұрамаймыз. Бар болғаны сенің бізді үнемі еске алып, армандарыңның орындалуына сенгеніңді қалаймыз”, – дейді жұп.


Жіберіп алмаңыз:

Бұл 6 затты ешқашан кәрізге ағызуға болмайды

Ер адамдар балалардың ойыншығына бола жаға жыртысты

Қытайлық әйел кір жуғыш машинадан салмағы 52 килограмм болатын жылан тауып алды

Android-смартфондарына қауіпті вирус тарап жатыр

Талқылау