Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жөтел қысып, температура көтеріледі": Қазақстандықтар елде вирус тарағанын айтып, дабыл қақты (видео)

Желіде қазақстандық әйел елде вирус тарағанын, отбасымен 1 ай ішінде төртінші рет ауырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенелдеттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық отбасымен бірге бір айдан бері ауырып жатқанын айтты. 

"Қазақстанды шарлап жүрген бұл қандай вирус?? Бір айда 4-рет ауырып жатырмыз. Менің енді күшім жоқ. Тамағым ауырмаса да, қатты жөтеліп, себепсіз температура көтеріледі. Қалай емделуге боларын білмеймін. Әлде отбасымызбен иммунитетіміз төмендеп кетті ме екен?", – деді әйел. 

@aleka_bek как же устала от бксрнных ночей,у детей нгсы забиты , кашель не перестающий,что делать вот #р_е_к_о_м_и_н_д_а_ц_и_и #рекомендации #мистика #вирус #болеем ♬ Epic News - DM Production

Желі қолданушылары да дәл осылай ауырып жатқанын айтып, қалай емделерін білмей жүргенін жеткізді. 

"Түнімен жөтел қысып ұйықтай алмаймын. Антибиотик әсер етпейді. Қалай емделерімді де білмеймін", "Мен де ауырдым. Цеф-3 көмектеспейді. Жалпы қазіргі антибиотиктер әлсіз", "Екі ай бойы жөтелден құтыла алмай жүрмін. Оны қалай емдеу керегін білмеймін", "Қазан айында суық тиіп ауыра бастадым. Әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Рентгенге түстім, өкпе таза. Күнде дем ала алмай, 2-3 сағат қана ұйықтаудан шаршадым", "Менің де отбасым екінші рет ауырып жатыр. Емдеудің барлық түрлерін қолдандық, бірақ ештеңе көмектеспей жатыр. Температура көтеріліп, тамақ пен бас ауырып, жөтел қысады", – деді желі қолданушылары. 

@natashakalymbetova Ответ пользователю @Вера Балахонкина страшнейний вирус грипп #грипп #вирус #зараза #лечение #казахстан #алматы #берегитесебя ♬ оригинальный звук - ♈️ Nati

Аталған жағдайға бас штаттан тыс пульмонолог Наталья Латыпова пікір білдірді. Сөзінше, биыл Қазақстанда, басқа елдердегідей, пневмонияның өсуі байқалады. Бұл жалпы әлемдік үрдіске, микроплазмалық инфекцияның енуіне байланысты дейді дәрігер. 

"Мысалы, Қытай аумағындағы пневмонияның 80%-дан астамы микоплазмозбен байланысты болды. Жоғарғы тыныс алу жолдары ларингит, фарингит, ринит, синусит түрінде зақымдалуы мүмкін. Клиниканың ерекшеліктері: іс жүзінде қақырықсыз немесе ұстамалар түрінде болуы мүмкін. Қақырықтың ең аз мөлшерімен ауыр құрғақ жөтел жүреді. Ұстамалар көбіне төс сүйегінің артындағы ауырсынумен бірге жүреді. Бұл бұлшықеттердің шаршауына және іштің ауырсынуына алып келеді. Жөтел әдеттегі инфекциялар сияқты бір-екі аптаға созылуы немесе бір, екі ай бойы жүруі мүмкін", – дейді пульмонолог. 



Штаттан тыс пульмонолог барлығына белгілі профилактика шараларын сақтауды, адамдар көп жиналатын жерлерде маска киюді ұсынды. Сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарын санитариялық тазартып, қолды жуып,  бөлмелерді үнемі желдетіп отыруды сұрады. Тыныс алу жолдары ауруларының алғашқы белгілері кезінде дереу емханадағы дәрігерлерге хабарласу қажет дейді дәрігер. 

Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер коронавирустың жаңа штамын жұқтырған науқас үш-төрт күнде пневмонияға шалдығатынын айтып, дабыл қаққаны туралы жазған едік. 

Талқылау