Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жөндеу жұмысы әлі де созылады": Еліміздегі 35 мектеп оқу жылы басталғанға дейін берілмеуі мүмкін

Оқу-ағарту министрлігінде 2023-2024 оқу маусымына дейін 35 мектептің жөндеу жұмысы аяқталмауы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

фото:remontik.org

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарлауынша, Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында орналасқан мектептерде жөндеу жұмыстары әзір бітпейді.

 "Қазіргі күні еліміздегі 250 мектеп күрделі жөнделіп жатыр, оның 90-ы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасымен жүзеге асып жатыр. Алайда жаңа оқу жылына дейін 35 мектептің жөндеу жұмысы аяқталмауы мүмкін", – делінген хабарламада. 

Комитеттің хабарлауынша, білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету бағытында 14 өңір 100 пайыз баспалармен келісім шарт жасады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында келісім-шарт жұмысы енді аяқталса, Алматы қаласы, Түркістан, Алматы облыстарында баспалармен әлі келісім шарт жасалмады.

Талқылау