"Ескерту болмаған": Ақтөбеде әйел көшедегі ашық құдыққа құлап, күйік алып қаза тапты

Фото: "Диапазон"
Ақтөбеде Ажары ауданындағы тротуардағы құдыққа әйел құлап түсіп, қатты күйік алып, көз жұмды. Туыстары оқиға кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған компанияны жауапкершілікке тартуды талап етуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 18 шілдеде болды.Әбілқайыр хан даңғылында, "Ақтөбе Ажары" 25 қабатты үйлерінің маңында Гүлжан Сатаева атты әйел ыстық су бар құдыққа құлап, ауыр күйік алған. 11 күннен кейін ол ауруханада көз жұмды.
Полиция қылмыстық істі әйел қайтыс болған соң ғана қозғаған. Бірақ кейін қандай да бір себеппен іс тоқтатылған. Туыстары бұл шешімге наразы. Себебі сол күні құдықта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Бірақ ешқандай қоршау немесе ескерту белгілері болмаған.
Кейін құқық қорғаушының араласуымен қалалық прокуратура істі тоқтату туралы шешімді жойып, тергеуді қайта бастады.
-
Алматыда тұрғын үй кешенінде курьер ескерту жасағаны үшін күзетші әйелді ұрып кеткен
-
Алматыда тұрғын үй кешенінде бір топ ер адам күзетші мен тұрғынды ұрып кеткен
"Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді ұсыну фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Қазір барлық жағдай анықталуда. Тергеу барысында бейнекамера жазбалары тексеріліп, куәгерлер сұралады. Басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылданады", – деді полиция департаменті.
Қазір туыстары мен отбасы өкілі құдыққа құлаған әйелді көрген куәгерлерді іздеуде.