Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолсерік Нұр-Сұлтан вокзалында есірткі сатқан

Жолсерік Нұр-Сұлтан вокзалында есірткі сатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Жолсерік Нұр-Сұлтан вокзалында есірткі сатқан

Жолсерік ағымдағы жылдың 9 наурызында темір жол перронында болған жедел іздестіру жұмыстары барысында ұсталған. 43 жастағы ер азамматтың көп мөлшерде есірткі тасымалдағаны анықталды. 

"Қызылорда-Көкшетау бағытындағы пойыз аялдамада тоқтап тұрған кезде жолсерік болып қызмет атқаратын Қызылорда облысының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу соты мен көлік полициясы жолсеріктен көп мөлшердегі есірткі тасымалдағаны үшін алған 80 мың теңге табылды", - дейді полиция департаменті. 

Сонымен қатар, тергеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде есірткі салынған сөмкені алуы керек болған 1982 жылға басқа азамат құрықталды. 

"Күдіктінің жеке заттарын қарау кезінде "Кептірілген марихуанна" есірткі қоспасының 3742 граммы табылды. Сол күннен-ақ екі азаматтың үстіне қылмыстық кодекстің 296 бабы, 4 тармағы бойынша және 297 бабы, 7 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған", - дейді полиция.

Тергеу жұмыстары барысында жолсерік Қызылорда қаласынан есірткі алып, оны Нұр-Сұлтан қаласына қызметтік жағдайын пайдалана отырып тасмалдаған. Нұр-Сұлан қаласы ауданаралық қылмыстық соты күдіктіні қылмыстық кодекстің 296 бабы 4 тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.  

Естеріңзге сала кетейік, сот "Тұлпар-Тальгода" болған зорлау ісіне қатысты шешім шығарып, айыптаушылардың бірін 2,5 жылға, енді бірін 2 жыл 3 айға қамауға алған болатын. Бұл шешімге келіспейтінін жеткізген жұрт та наразылық танытып, желіде пікір білдірген еді.

Талқылау