Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдасы Баян Нұрмышеваға Мысыр елінде естен кетпес тосынсый жасады

Халықаралық арулар күнінде әр ер азамат өзінің анасын, асыл жарын немесе сүйіктісін, әпке-қарындастарын құттықтап, оларға барынша көңіл бөлуге тырысады. Бұл үрдістен елге белгілі жұлдыздар да шет емес.

imgonline-com-ua-Resize-c5nPkIuTuR9

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жұлдызды жұп Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева көктемнің ең алғашқы шұғылалы мерекесін Мысыр елінде қарсы алды. Ерлан мерекеге орай сүйіктісіне романтикалық кешкі ас әзірлеп, естен кетпес тосынсый жасады. Өмірлік серігіне тәнті болған Баян желіде жазба қалдырып, оған деген алғысын жеткізді.

“Менің махаббатым, тау асып, қыр асып, сонау Қызыл теңіз жағалауында осындай тосынсыйға толы романтикалық кеш жасап, қуанышқа бөлеп жатыр, бөлеп жатыр. Рахмет жаным. Екі дүниеде де жаратушым осы бақыттан айырмасын”, – деп ағынан жарылды Баян.

Әнші бұл жаңалығын мақтаншақтыққа баламауды өтінді. Ал желідегілер Орынбасаровтың нағыз ер азамат екенін айтып, тәнті болды.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина бесінші сәбиін қашан дүниеге әкелетінін айтты

Димаш: Бүгінгі қыз – ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар

Ерке Есмахан кішкентай Томириспен бірге “Қыз арманы” атты клип түсірді (видео)

Димаштың ханзада кейпіндегі портреттері желіні “жаулап алды” (фото)

Талқылау