Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жолдама мен соңғы үлгідегі фотоаппарат": Жанболат пен Жазираның ұлы Әділет Майғазиевке тосынсый жасады

Фото: Видеодан скриншот

Майғазиевтер әулетіндегі дүбірлі тойда Әділеттің жігіт жолдасы, Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек ерекше сый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның сөзінше, ерекше сыйлық екеуінің әдемі махаббатырына қосқан кішкентай үлесі екен.

“Әділет бауырым, есіңде болса осыдан 5-6 жыл бұрын біз өзара уәделескен едік. Екеумізден кім бірінші үйленсе, үйленбегеніміз соған бал айына жолдама алып береді деген едік. Соған орай сыйлыққа Мальдив аралдарына немесе өздері қалаған елге жолдама. Екеуіңнің әдемі махаббатырыңа қосқан менің кішкене үлесім болсын. Бұдан бөлек қыз жолдас екеумізден Әдияға соңғы үлгідегі фотоаппарат", – деді ол.



Айта кетейік, Сәкен Майғазиев ұлының онлайн тойынан қанша теңге тапқаны белгілі болған еді.

Өнер иесі тойға арнайы платформа арқылы онлайн қатысуды да қарастырған еді. Тіркелу құны 1380 теңге болған.

Ұйымдастырушылар Telegram-ботты іске қосып, төлем жасағандарды жабық арнаға қосып, салтанатты шараны онлайн тамашалауға мүмкіндік берді.

Жабық арнаға 8743 адам жазылды. Нәтижесінде жазылымдардан жиналған жалпы сома 12 миллион 65 мың 340 теңге болды.

@maral_almaty_

 

♬ оригинальный звук - Марал Алматы
Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 12 Маусым, 2025 17:39
Талқылау