Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдағы отшашу: Ақмола облысында пиротехникалық бұйымдар тиелген көлік өртенді (видео)

4 желтоқсанда кешке пиротехникалық бұйымдар тиелген көлік өртеніп, Нұр-Сұлтан – Щучье тас жолында қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

авария

Ерекше жол-көлік оқиғасының куәгерлері өртті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. 

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Бурабай ауданында Нұр-Сұлтан – Щучье тас жолының 212-ші шақырымында болғанын жеткізді.

"Жолдың 30 шаршы метр аумағында пиротехникалық бұйымдар тиелген DAF жүк көлігінің жартылай тіркемесінде өрт болды, салдарынан көліктің тіркемесі толығымен жанып кетті. Өрт 22.05-те ауыздықталды. Жолдағы қозғалыс сағат 22.40-та қалпына келтірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі (19 қызметкер мен төрт техника) жұмылдырылды", - деді департамент өкілдері.

Талқылау