Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия (фото)

Ағайынды Райттар дәуірінен бері ұшақ сан мың мәрте өзгерді. Ескі ұшақтардың қазіргі Boeing Dreamliner әуе кемелерімен еш ұқсастығы жоқ.

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия

Бұл туралы Business Insider хабарлайды.

Осы ретте назарларыңызға әуе тасымалын атқаратын ұшақтар туралы бірқатар құпия деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

Ұшақтар найзағайға қарсылық көрсете алатындай етіп жоспарланған

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия

Ұшу кезінде жиі түсетін найзайғайға ұшақтар қарсылық білдіре алады. Зерттеу бойынша найзағай жылына бір рет болсын әйтеуір ұшақтардың барлығына бір “тиісетін” көрінеді. Оған қарсы қорғаныс күшін 1963 жылы инженерлер тобы жасап шыққан: электрлік қуат ұшақ арқылы өтіп, одан шығады.

Ұшақтағы ең қауіпсіз орын

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия

Америкалық федералды авиациялық әкімшіліктің айтуынша, артқы бөліктегі ортаңғы орын қауіпті жағдайларда сақтап қалу жағынан тым төменгі пайызға ие екен. Зерттеу көрсеткендей, әуе апаты кезінде ұшақтың артқы жағындағы орын 32 пайыз өлім қаупінен сақтай алады.

Кей ұшақтарда экипаж мүшелеріне арналған құпия жатын бөлмесі бар

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия

Алыс рейстерге ұшу кезінде экипаж күніне 16 сағатқа дейін тынбай жұмыс істейді. Кей ұшақтар, мәселен, Boeing 777 немесе 787 Dreamliners экипаж мүшелерінің тынығып алуы үшін шағын жатын бөлмесін жасап қойған. Ереже бойынша, жатын бөлмеге апаратын құпия баспалдақ бар. Онда шамамен алты мен он орындай қарастырылған.

Ұшақ шинасы қону кезінде жарылып кетпейтіндей етіп жасалған

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия

Ұшақ қону процесі кезінде аса ауыр салмақпен (38 тонна) түсіп, жерге сағатына 270 шақырым жылдамдықпен 500 реттен де көп жанасады. Оның доңғалақтары 200 Па күшке теңестірілген. Ал бұл көрсеткіш автокөлік доңғалақтарының күшінен алты есеге көп. Егер ұшақ жаңа шинаны қажет етсе, жердегі команда ұшақты арнайы құрылғымен (домкрат) көтеріп, еш қиындықсыз ауыстыра салады.

Ұшақ қонуға жақындаған кезде экипаж неліктен жарықты азайтады?

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия

Ұшақ түнгі уақытта қонатын болса, экипаж жарықты азайтады. Барлық жағдайды алдын-ала ескерген экипаж, жолаушыларға эвакуация қажет болып қалған жағдайда олардың көздерінің қараңғылыққа үйрене беруін есепке алған.

Ұшу үшін екі қозғалтқыш керек емес

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия

Кез-келген ұшақ жалғыз қозғалтқышпен де сәтті ұшып жүре алады. Бірақ, мұхит үстімен және Антарктида секілді адам жоқ жерлердің үстімен ұшатын ұшақтарға екі қозғалтқыш салу міндеттелген. Олар FAA сертификатын иеленуі тиіс.

Неліктен дәретханаға күлсалғыш қойылған?

Жолаушылар ұшағы туралы сіз білмейтін 7 құпия

Ереже бойынша бірнеше жыл бұрын дәретханада шылым шегуге тыйым салынған. Бірақ, аса мұқият жолаушылар дәретханаларда әлі күнге күлсалғыш бар екенін біледі. Себеп мынада: ұшақпен жұмыс істейтін әуе компаниясы және адамдар темекі шегуге салынған тыйымға қарамастан кей жолаушылардың салонда темекі тұтата салуы мүмкін дейді. Одан да жолаушының дәретханада темекі тартып, оны күлсалғышқа тастағаны тиімді. Ал егер темекі қалдығын басқа жерге немесе қоқыс арасына тастай салса онда ол аса үлкен қауіпке алып келуі мүмкін.


Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең кішкентай жұп ақыры шаңырақ көтерді (фото, видео)

Қазақстандағы шашы ең ұзын 7 бойжеткен (фото)

Талқылау