Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау әуежайында "сөмкемде бомба бар" деп әзілдеген жолаушының үстінен іс қозғалды

Видеодан скрин

2025 жылдың қарашасында Атырау халықаралық әуежайында жолаушының әзілінен кейін әуежайдың жұмысы уақытша тоқтаған еді. Жолаушының үстінен іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуежайда “Атырау – Алматы” рейсінің жолаушысы тіркеу қызметкерлерінің “қол жүгінің ішінде не бар” деген сұрағына әзілдеп, "бомба бар" деп жауап берген.

Облыстық көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, әуежай қызметкерлері жедел әрекет етіп, жолаушылар эвакуацияланып, әуежай аумағы қоршауға алынған. Барлық рейстер уақытша тоқтатылған. Жүктi тексеру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті жедел қызметтер оқиға орнына шақырылды.

Арнайы қызмет өкілдері жүргізген тексеру барысында бұл ақпарат расталмаған.


Атырау әуежайында 166 жолаушысы бар ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті


Аталған дерек бойынша көліктегі полиция департаменті "терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ер адамға 5 000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 21 625 000 теңге) айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда әуежай жолаушының келеңсіз әзілінен кейін жұмысын уақытша тоқтатқаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 21:34