Соңғы жаңалықтар

Индонезияда жолаушылары бар Boeing ұшағы апатқа ұшырады

Индонезияда жоғалып кеткен Boeing 737-500 ұшағының сынықтары теңізден табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СИНЬХУА агенттігіне сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, Sriwijaya Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы суға құлап, оның сынықтары мен бөліктері табылған.

Джакартадан Понтианак бағытына қарай ұшқан Индонезия әуе  компаниясы ұшағымен байланыс 9 қаңтарда UTC уақыты бойынша 7.40.27-де жоғалды.

Бір минуттан аз уақыт ішінде ұшақ 10 мың футтан астам биіктікті жоғалтқан. Бұл жағдай лайнер Джакартадан ұшқан соң 4 минуттан кейін орын алды.

Жергілікті газеттің хабарлауынша, ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр