Индонезияда жолаушылары бар Boeing ұшағы апатқа ұшырады
Индонезияда жоғалып кеткен Boeing 737-500 ұшағының сынықтары теңізден табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СИНЬХУА агенттігіне сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, Sriwijaya Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы суға құлап, оның сынықтары мен бөліктері табылған.
Джакартадан Понтианак бағытына қарай ұшқан Индонезия әуе компаниясы ұшағымен байланыс 9 қаңтарда UTC уақыты бойынша 7.40.27-де жоғалды.
Бір минуттан аз уақыт ішінде ұшақ 10 мың футтан астам биіктікті жоғалтқан. Бұл жағдай лайнер Джакартадан ұшқан соң 4 минуттан кейін орын алды.
Жергілікті газеттің хабарлауынша, ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған.
Video of civilians finding small parts from the Sriwijaya Air flight SJ182 that departed from Jakarta, Indonesia #sj182 #SriwijayaAir pic.twitter.com/sxt8o1xsW5
— HzKv (@HZLABZ) January 9, 2021
Талқылау
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп