Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылардың ПТР нәтижелері болмаса, авиакомпаниялар жазаға тартылады

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабұлов халықаралық рейстермен Қазақстанға келетін жолаушылар үшін ПТР сынағының міндетті сертификаты қажет екендігі туралы айтты. Тест нәтижелері болмаған жағдайда авиакомпаниялар жазаланбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Байғабұлов 26 қазанда Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына түзетулер енгізілгенін еске түсірді, оған сәйкес COVID-19 ПТР сертификаты болмаған кезде жолаушыларға халықаралық рейстер кезінде әуе кемесіне отыруға тыйым салынады.

"2020 жылдың 27 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін барлық адамдарда COVID-19 үшін ПТР сертификаты болуы керек. Алайда, авиакомпаниялар бортқа жөнелтуші елдерден бүгін кешке келген ПТР сертификатынсыз 42 жолаушыны қабылдаған. Бұл жағдайда жолаушылар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ПТР анализін жеткізу үшін екі күндік карантинге орналастырылды. Белгіленген шектеулерді сақтамаған авиакомпанияларға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылады", - делінген хабарламада.

Елімізе еліп жатқан жолаушылардың 96 пайызында ПТР тестілеу нәтижесі болған. Олардың басым көпшілігі Египет, Түркия және Оңтүстік Кореядан келген.

Байғабұлов ПТР анализінің сертификаты қағаз түрінде және электронды түрде де жарамды деп атап өтті. Куәліктің қолданылу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап үш күнге жарамды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 27 Қазан, 2020 11:08
Талқылау