Жолаушылар ұшақтан түспей қойған: Ыстамбұлдан Ақтөбеге ұшқан Pegasus әуе компаниясының ұшағы Ақтауға қонды
Фото: pegasus.com
Ыстамбұлдан Ақтөбеге ұшқан Pegasus әуе компаниясының ұшағы Ақтау қаласына қонды. Наразылық білдірген жолушылар ұшақтан түсуден бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жолаушылардың айтуынша, сегіз сағаттық кешігуден кейін ұшақ жоспарланғаннан ұзақ ұшып, күтпеген жерден Ақтөбеге емес, мың жарым шақырым қашықтықтағы Ақтауға қонған.
Кейбір жолаушылардың сөзінше, ұшақ әуежайға емес, әуежай маңындағы ашық алаңға қонған көрінеді.
Экипаж сапардың "аяқталғанын" мәлімдеп, жолаушылардан ұшақтан түсуді сұраған. Қазақстандық жолаушылар ұшақтан түсіп, өз күштерімен әрі қарай кетсе, шамамен 40-қа жуық Ресей азаматы ұшақтан түсуге қарсылық білдірген.
Ақтау халықаралық әуежайының мәліметінше, ұшақ Ақтөбедегі ауа райының қолайсыздығына байланысты бағыт өзгертіп, Ақтауға қалыпты режимде қонған. Жолаушыларға қонақүй мен Ақтөбеге әрі қарай жеткізу ұсынылған көрінеді.
"Ұшақта әлі де 16 жолаушы бар, олар ұшақтан түсуге келіспей отыр", – делінген хабарламада.
Әуе компания оларға Ақтау–Ақтөбе бағыты бойынша ең жақын рейске билет рәсімдеп жатыр.
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр