AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар тасымалдайтын рейстердің кешігуіне байланысты тергеу басталды - Министр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ұшақ жолаушыларының арыз-шағымдарына жауап беріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

"Соңғы кездері ел ішіндегі, сондай-ақ халықаралық бағыттар бойынша ұшатын рейстерге қатысты хат-хабарламалар көптеп түсіп жатыр. Шынымен, бүгінгі таңда әуе көлігіндегі жолаушылар ағынының күрт өсуі байқалады. Бұл өз кезегінде рейстердің кешігуіне әкеп соғып, отандастарымыздың наразылығын тудырып отыр. Орын алған бұл мәселені жедел шешу мақсатында қазақстандық әуе тасымалдаушыларға жаңа ұшақтар сатып алуды тапсырдым. Осылайша жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орынды құрайтын 14 жаңа әуе кемесі пайдалануға берілетін болады", – деп жазды министр.

Қайырбек Өскенбаевтың мәліметінше, "SCAT" авиакомпаниясы 9 ұшақ, "Fly Arystan" – 3 және "Air Аstаnа" 2 ұшақпен толықтырылады. Бұл шаралар тасымалдау сыйымдылығын арттыру үшін жасалған. Елімізде әуе тасымалдарына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Сондықтан сұранысты қанағаттандырып, рейстердің кешігуін алдын алу үшін қазақстандық әуе кемелері паркі 2025 жылға дейін 51 бірлікке ұлғаяды.

"Жалпы рейстердің кешігу фактілері бойынша түсіп жатқан шағымдарды ескере келе, менің тапсырмам бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігіндегі әріптестерім тиісті тергеу амалдарын бастап кетті. Егер жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталса, тиісті авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", – деп түйді Қайырбек Өскенбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр