Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар пойыздарының жүруі қашан басталады?

2020 жылғы 13 мамырда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының жүруін қайта бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халықтың сұранысын ескере отырып және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар поездарын іске қосу 2020 жылғы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

- Бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады;
- Екінші кезеңде 10 маусымынан бастап 39 жұп поездын іске қосу жоспарланып отыр.;
- Үшінші кезеңде өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай, сондай-ақ көршілес мемлекеттермен келісілгеннен кейін 15 жұп пойыздың қатынауын қайта бастау жоспарланған.

Талқылау