Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол үстінде өрескелдік танытқан 18 жастағы алматылық ұсталды

Талдықорғанда жол ережесін өрескел бұзғанын желіге салған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

жүргізуші

Жүргізуші – Алматы қаласының 18 жастағы тұрғыны. Оған қатысты бірден бес әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшыларының назары “Toyota Camry-70” маркалы автокөлік жүргізушісінің Талдықорған қаласының жолдарында көрсеткен қылығына бірден ауды.

Полицияның мәлімдеуінше, Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерді белсенді түрде қадағалайды және анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бірден шаралар қолданады. Полицейлерді таң қалдырғаны, жол қозғалыс ережесін өрескел бұзудан көрінген заңға қайшы іс-әрекеттерді автокөлік иесі әдейілеп істеген. Сонымен қатар, жігіт өзінің жолдағы барлық іс-әрекеттерін “Instagram” беттерінде және мессенджер топтарында жариялаған. 

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада автоәуесқойдың бірнеше рет авариялық жағдай тудырып, жол белгілері сызықтарынан шығып, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққаны, бұрылыс сигналдарын қоспағандығы, жол бойындағы көлікті басып озып, бағдаршамның қызыл сигналына өтіп бара жатқандығы байқалады.

Ақ “Toyota” маркалы автокөлігінің жүргізушісі анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі, 599-бабы 1-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі, 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушының жүргізуші куәлігі алынып, автокөлік айыптұрағына қойылды. Жігіттің келешекте автокөлікті басқара алатындындығы немесе алмайтындығы сот шешімінен кейін белгілі болады.
 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Шілде, 2020 10:48
Талқылау