Жол ережесін бірнеше рет бұзған: Нұр-Сұлтан көшелерінде мас жүргізушінің қауіпті жүрісі видеоға түсіп қалған
Нұр-Сұлтан көшелерінде мас күйінде көлік жүргізген жүргізушінің қауіпті жүрісі видеоға түсіп қалды. Тәртіп бұзушыны 20 тәулікке қамауға алуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қыркүйекте сағат 16.00-де Момышұлы мен Жұмабаев көшелерімен келе жатқан Toyota Highlander автокөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы бірнеше хабарлама келіп түскен.
"24 жастағы жүргізуші Абылай хан даңғылында ұсталды, мас күйде болған. Жас жігіттің көлік құралын басқаруға құқығы болмаған", - делінген хабарламада.
Полицейлер ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі "жүргізушінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқаруы", ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлігі "бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына жүріп өту", 600-бабының 1-бөлігі "жаяу жүргіншілердің немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу", сондай-ақ ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігі - "көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" - бойынша қылмыстық іс қозғады.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы бойынша жүргізуші 20 тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік коммуналдық айыппұл тұрағына қамалды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
