Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз: Туғаннан өмір үшін күресіп келемін, бақыттымын
Жол көлік оқиғасы кезінде аяғынан айырылған Екатерина Парафиева туғаннан өмір үшін күресіп кележатқанын айтты. Бойжеткен өз еркімен жүруден қалғанымен жүрегі мен жан дүниесінің өмір сүруге құштарлығы зор.Себебі ол өмірге келмей жатып күрестің не екенін бастан кешірген батыр қыз.
Сурет:tengrinews.kz
«Сіздер сенесіздер ме, мен 1 келіге де жетпестен 900 грамм салмақпен,7 айлық болып дүние есігін ашқанмын. Бойым 37 см болды. Үшемнің ішінде мен ғана аман қалғанмын. Енді жол апатынан кейін батылдықты, батырлықты, өмір сүруге деген құштарлықты қайдан аласың деген сұраққа жауап алған боларсыздар?
Туғаннан өмір үшін күресіп келемін, енді жол көлік оқиғасынан кейін әділетсіздік, реніш туралы айтқаным ақымақтық болар. Есіңізде болсын, өмірге бір рет қана келеміз, жүрегіңіз соғып тұрған кезде тірі екеніңізді біліңіз, ол өмірді қалағаныңызша сүре біліңіз»,-деп жазды бойжеткен.
Оқи отырыңыз:
БАҚ-қа шолу: Баян Есентаеваның сүйіктісіне қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды
“Әлем аруы-2017” байқауында Гүлбану Әзімбаева үздік 40 сұлудың қатарына кірді (фото, видео)
Әли Оқапов: Анам әлі күнге дейін барлық үй шаруасымен өзі айналысады
Роза Рымбаева: Біздің кейінгі әртістердің өмірі тек қана той-думан болып кетті