Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз бокспен айналыса бастады

Алматыда екі ай бұрын жол апатынан екі аяғынан айырылған бойжеткен енді бокспен айналыса бастады.

20841855_1447705128651502_7097251776591276545_n

“Жақсы жаңалығымыз бар! Екатерина қазір бокспен айналысып жатыр. Бабякин Владимир Катяның бұлшықетін бокс үйреніп, шынықтыру керек екенін айтқан. Ол мықты бапкер. Катяның да көңілі көтеріліп қалды. Катя бокс спортының қыр-сырын үйренді”, – деп жазады Facebook желісінде құрбысы Кира Ударцева.

20882110_1447705315318150_6573183102871537951_n

Еске салсақ, жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылының бойында болған. Ол көлігінің жарылған дөңгелегін ауыстырмақ болып сыртқа шыққан кезде, жол апатына ұшырайды. Парафиева екі бірдей көліктің ортасында қыстырылып қалған.

Бұған дейін ол отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп үндеу жолдаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Талқылау