Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатына түскендерге көмектеспек болған актердің өзі ажал құшты

27 қыркүйек күні танымал актер Егор Клинаев жол көлік оқиғасы кезінде ажал құшты.

Бұл туралы lenta.ru басылымы хабарлайды.

18 жастағы актер жолда үш көліктің соқтығысқанын көрген. Ол жол апатына түскен көліктегі адамдарға көмектеспек болып жолға шығады. Сол сәтте оны Honda иномаркасы қағып өтеді. Мұнымен қатар, бұл көлік тағы екі адамды жарақаттайды.

Актер тілге келместен оқиға орнында көз жұмады. Ал қалған екі адам жедел ауруханаға жеткізілген. Естеріңізге сала кетсек, Егор Клинаев “Физрук” телехикаясында Никита Серебрянскийдің рөлін сомдаған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

«Біз мінсіз емеспіз»: Лидо некеде болған 10 жыл ішінде көрген қиыншылығымен бөлісті

Гүлзира Айдарбекова жарының айтқанына еріп, туған бауырына қастандық жасағандарды сынады

«Халқымыздың ұлы қызы»: Алагөзовтің әкесі болашақ келіні Баянға ән арнады (видео)

Лондон төрінде “Қара жорға” билеген Тәуекел Мүсілім жұртты сүйсіндірді (фото, видео)

Талқылау