Жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған қыз қазақстандықтарға үндеу жолдады
Алматыдағы жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Екатеринаның жүрек жарды сөздерін Facebook парақшасында Ольга Агапова жеткізген.
“Қайырлы күн, достар! Туған-туыстар, дос-жарандар, әріптестер мен ақ жүрек мейірімді жандар!
Жағдайым әжептәуір жақсарып қалды, сіздерге шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Жылы сөздеріңіз, дұға-тілектеріңіз бен отбасыма материалдық көмек көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет!
Сіздердің қолдауыңыз маған қаншалықты күш қуат бергенін елестету қиын, сын сағатында демеу болған өздеріңізсіздер.
Алдымда үлкен жол бар, бірақ бұл сыннан да сүрінбей өтетініме сенімдімін, өйткені айналамда маған қолдау көрсетіп, демеу болар мейірімді жандар өте көп. Сол үшін де мың алғыс!
Көмек қолын созған әрқайсыңызбен жеке танысып, қайырымдылықтарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді.
Кейінірек бұл мүмкіндікке де қол жеткіземін деп сенемін.
Мың да бір рахмет!!!”.
Жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылында болған. Honda кроссоверінің жүргізушісі мен жолаушысы жол ортада тоқтап қалған көліктен түсіп, көмек күтіп тұрған: автокөлік сынған кәріздік құдықты басып, дөңгелегі жарылып кеткен екен. Сол сәтте қарама-қарсы бағыттан Toyota шыға келеді де, жолаушылар автобусы оны Honda көлігіне қарай бір-ақ ығыстырады. Салдарынан екі қыз көліктердің арасына қысылып қалған.
Бұған дейін бойжеткен жантүршігерлік жол апаты жайында өзі айтып берген еді.
Тағы да оқыңыз:
Әнші Нұрлан Еспановтың жары рак ауруын жеңді
Вирусты инфекция жұқтырып алған Ахмадиеваның түр-келбеті тыңдармандарын шошытты
Полиция капитаны жолда келіншекті босандырып, кіндігін кескен