Жол апатынан қаза тауып, 4 адамға донор болған 18 жастағы шымкенттіктің әкесі марапатталды
Астанада төрт қазақстандықтың өмірін сақтап қалған донордың әкесі марапатталды. 18 жастағы Максим Войнюш жол апатынан кейін комаға түсті. Мидың өлімі расталғаннан кейін ата-ана донорлыққа келісім берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Tengrinews.kz
Марқұмның әкесі мен әпкесі денсаулық сақтау министрімен кездесті. Министр донордың әкесі Игорь Войнюшқа "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісін табыс етті. Кездесуге донордың әпкесі Евгения Юнусов та қатысты.
Олар бұл туралы тек бір түн ойлана алғанын айтты. Нәтижесінде жігіттің жүрегі 58 жастағы Шымкент тұрғынына ауыстырылды. Алты баланың 40 жастағы әкесіне бүйрек трансплантациясы жасалды. Екіншісі бүйрегі астаналық 16 жастағы жасөспірімге берілді. 58 жастағы әйелге бауыр трансплантацияласы жасалды.
Бұл – Қазақстан үшін ерекше жағдайлардың бірі. Себебі донорға мұқтаждар жылдар бойы кезекте тұрады, қазір олардың саны 400 мыңнан асты. Донорлық тек мидың қайтымсыз зақымдануы жағдайында ғана мүмкін , себебі басқа органдар әлі де белсенді болып тұрады. Ал мұндай жағдайлар жиі кездесе бермейді. Биыл қайтыс болған бес донордың арқасында дәрігерлер 19 мүшені трансплантациялауға мүмкіндік алды.
“Біз Шымкентке барғанда, балалар жылап жіберді. Олардың көз жасы мен дұғалары қабыл болған шығар. Әкелері трансплантацияның барлық критерийлеріне сай келді. Қатты уайымдадық”, – деді реципиенттің жұбайы Перизат Әбдірайымова.
Еске салайық, Шымкентте 18 жастағы жігіт жүрегін беріп, донор болған еді. Мәліметтерге сенсек, донор жол апатынан зардап шегіп, ауруханада көз жұмған. Кейін оның мүшелері кімге берілгені айтылды.