Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатынан 14 оқушы көз жұмды: Жамбыл облысының полициясы ақпаратты жоққа шығарды

Облыстық полиция департаменті 14 оқушының жол апатынан көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы тарап кетті. Ал мәтінде 14 оқушының қайтыс болғаны туралы айтылған. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Айша бибіде маевкадан қайтып келе жатқан 14 оқушы қайтыс болыпты. Ата-аналар чатына салыңыздар! Балалар ата-ана жанында болсын", - делінген видеоның сипаттамасында.

Жамбыл облыстық полиция департаменті жол апаты 24 мамырда Айша Бибі ауылының жолында болғанын хабарлады. Бірақ оқиғада 14 оқушы көз жұмды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. 

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Таразға қарай келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі BMW-мен соқтығысқан. Жол апатынан BMW көлігінің 19 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды", - дейді полицейлер.

Бұдан бөлек, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Мамыр, 2021 16:27
Талқылау