Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жоқшылықтан барған": Түркістанда жөзекшелікпен айналысуға итермелеген жасөспірімнің әпкесі оқиғаның мән-жайын ашып айтты

Түркістанда жұмбақ жағдайда алтыншы қабаттан құлап кеткен жасөспірім төсекке таңылды. Жас қыздың әпкесі сіңлісін жөзекшелікке итермелеп, зәбір көрсеткен айыптылардың жазаланғанын қалайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сюжеттен кадр

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің осылайша тағдыр тәлкегіне түсуіне не себеп болды? Бұл сауалды сарапшылар “Астарлы ақиқат” бағдарламасында талқылады.

Психолог және секслог маман Ғалымжан Супиевтің айтуынша, жас қыз интимдік қызмет көрсетуге келісуіне жоқшылық себеп болған. 

“Мұның бәрі жоқшылыққа байланысты. Қыз жарнаманың жетегінде кетіп отыр. Бұл қызметті Б.есімді тұрғын жақсылап жарнамалаған. “Күніне 5 адамға қызмет жасасаң, 70-80 мың теңге тауып отырасың. Әдемі киінесің” деген сөздеріне сенген. Мұндай адамдардың құрығына артында іздеушісі жоқ, ақшаға қыздар түседі”, – дейді маман. 

Жас қыздың интимдік қызмет көрсетуі үшін қанша сомаға келіскені де белгілі болды. Бұл туралы жәбірленушінің әпкесі бар шындықты айтып берді.

“27 жастағы ер адам алғашқы 70 мың теңгені  Б.есімді қызға жіберген. Артынан оның шотына 110 мың теңге келіп түскен. Тергеушінің “Жыныстық қатынасқа түстің бе?” деген сұрағына сіңілім “иә” деп жауап берді. Айтуынша, ол жігітпен үш рет төсек қатынасында болған. Бәрі біткен соң жігіт қыздан ақшасын қайтаруын сұраған. Сіңлім өзінің қызмет көрсеткенін, ақшаның қайтарылмайтынын айтқан. Жігіт болмай қаражаттың жартысын сұраған. Ақша жас қыздың өзіне жіберілмегендіктен, қажетті соманы Б.есімді қыздан ала алатынын айтқан. Кейін жігіт бөлмеден шығып кетіп, артынан үш қыз кіріп келеді. Олар сіңілімнен ақша талап еткен. Оларды жігіт ақшаны күшпен қайтарып алу үшін шақырған. Жігіттің айтуынша, олардың бірі қарындасы, қалған екеуін қарындасы ертіп келген”, – дейді қыздың әпкесі жәбірленушінің сөзін жіткізіп.

Сөйтіп үш қыз жәбірленушіні соққыға жығып, балконға қамап қойған. Қолындағы телефонды тартып алып, қызды балконнан итеріп жіберген. Қыздың өзі де қыс оқиғаның дәл осылай аяқталғанын растап отыр. Экспертиза жәбірленушінің денесіндегі жарақаты барын, шашы жұлынғанын анықтады.                                                                 

“Жәбірленуші сол күні мас болып, өз-өзін балконнан тастап жіберді” деген куәгерлер де табылды. Алайда, талдау экспертизасының нәтижесіне сәйкес жасөспірімнің қанында ешқандай алкоголь мен есірткі анықталмады. 

Бағдарлама сарапшыларының ойынша, жас қызды жезөкшелікке тартқан Б.есімді бойжеткен, қызды қонақ үйге алдыртқан жігіт пен ақшаны талап етіп, жәбірленушіні соққыға жыққан үш қыз да бір-бірімен сыбайлас. Тіпті бір топ қыздың жәбірленушіге жабылуына жол берген қонақ үй қызметкерлерінің әрекеті де күмән тудырып отыр. 

Алтыншы қабаттан құлап жарақат алған қыз өз бетімен қозғала алмайтындай жағдайға жеткен. Төсек тартып жатқан қыз қателікке бой алдырғаны үшін өзінің жағдайын жасап отырған әпкесінен көпшілікті көзінше кешірім сұрады.

 

Талқылау