Жоғарыдан құлаған мұз қоларбада жатқан сәбидің басына тиді (видео)
Төбеден құлаған мұз қоларбада жатқан сәбиді жаралады. Мәскеудегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған төтенше жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған,-деп жазды Еуразия арнасы.
Аула тазалағыштар шатырды қардан аршып жатқанда қоларба сүйреген келіншек кіреберістен сыртқа шыққан екен. Алайда, төменде кезекшілікте тұрған адам ескертіп үлгермей қалған. Сол сәтте мұздың бір бөлшегі екі айлық баланың басына түскен.
Бас сүйегі сынып кеткен сәи жансақтау бөлімінде жатыр. Осы оқиғаға байланысты үш бірдей аула тазалағыш ұсталды. Себебі, сол сәтте олар кіреберістің айналасын арнайы жіппен қоршамаған болып шықты. Қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз:
Қостанайлық қыз мұз үстінде селфи жасаймын деп суға түсіп кетті
Қытайлық әйел 16 жыл мұз болып қатырылған эмбрионнан сау бала босанды
-36 градус суыққа мұз болып қатырылған балық тіріліп кетті (видео)
Баян Мақсатқызы: Біз екеуміз екі отбасынан бөлініп қосылмақпыз