Жоғары сот төрағасы шахтерлер ереуіліне қатысты сот шешімін түсіндірді
Шахтерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғандықтан, судья шара қолдануға тиіс болған.
Фото: ҚР Бас прокуратурасы
Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов “АрселорМиттал Теміртау” компаниясының ереуіл ұйымдастырған шахтерлерді сотқа беруі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik.
“Жұмыс берушінің арызы түсті. Бірнеше аудан соттары шешім қабылдап, олар іс сотта қаралуы үшін шара қолданды. Судьялар мұндай жағдайда солай істеуге міндетті. Өйткені шахтерлердің өміріне, денсаулығына қауіп төніп тұрды”, — деді Асанов тілшілерге.
Ол атап өткендей, жұмыс беруші соттан ереуілді заңсыз деп тануды сұраған.
Оның сөзіне сүйенсек, оқиғаның әрі қарай өрбуі компания мен жұмысшылар арасындағы мәмілеге байланысты болады.
“Мемлекеттің бұған қатысы жоқ. Олардың арасында, менің білуімше, келіссөз жүріп жатыр. Бұл сот құзыретіне жатпайтын басқа мәселе”, — деп қорытындылады Жоғары сот төрағасы.
Тағы да оқыңыз:
Синоптиктер: Мереке күндері елімізде 30 градус аяз боладыАстана тұрғыны қоғамдық көлікпен жүрем деп құрт ауруын жұқтырып алған
Алматыда көз жұмған егіздердің анасы: Мен балаларымды жақсы көрдім