Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғары соттың судьясы қызметінен босатылды

Жоғарғы соттың судьясы Мейрамбек Таймерденов қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп президенттің Таймерденовты қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

"Сіздердің қарауыңызға Мемлекет басшысы Мейрамбек Таймерденовтің судья лауазымында болуының шекті жасына, яғни 65 жасқа толуына байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді", – деді Денис Шипп.

Ұсынысты мәлімдеген Денис Шипп Таймерденовты Жоғарғы Соттың қызметінен босатуды ұсынды. Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Мейрамбек Таймерденов 1958 жылы туған, заңгер. Өзінің еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1983 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық халық сотының сот орындаушысы қызметінен бастады.

1993 жылдан 1997 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет істеді.

1997 жылы сәуір айында Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды. 1999 жылы Алматы облыстық сотының судьясы.

2001-2005 жылдары – Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің төрағасы.

2006 жылы ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметіне келді.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы. 2012 жылдың наурызынан бастап Алматы қалалық сотының төрағасы.

2013 жылғы желтоқсаннан Алматы облыстық сотының төрағасы лауазымында болды.

2019 жылы Жоғары Сот судьясы болып сайланды. Оның сот жүйесінде 19 жылдан астам тәжірибесі бар.

Талқылау