Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарыағашта педофилге жеңіл жаза берген судьяның жаңа қызметке тағайындалуы: Жоғарғы сот түсіндірді

Жоғарғы сот Сарыағашта 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге жеңіл жаза берген аудандық сот төрағасының жаңа қызметке тағайындалуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

шетенов

Фото: ашық дереккөзден

Жоғарғы соттың мәліметінше, Сарыағаш аудандық сотының төрағасы басшылық қызметтен босатылғанымен, судья ретінде қызмет атқарып жүр.

"Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Шетенов 2023 жылғы 6 қазандағы арызына сәйкес төраға қызметінен босатылып, сол соттың судьясы болып қалдырылды. Шетеновке қатысты тәртіптік іс қозғалды. Қылмыстық істі қарау кезінде заңның өрескел бұзылуы бойынша іс алқабилердің қарауында жатыр", – делінген жоғарғы сот хабарламасында. 

Жоғарғы соттың мәліметінше, тәртіптік іс бойынша шешім алқабилер отырысының қорытындысы бойынша шығарылатынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында 5 жасар қыздың өлтірген қылмыскерді жеңіл жазалаған судья жағдайға қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау