"Жоғарғы қабаттан құлап кеткен": Петропавл полициясы желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді (видео)
Әлеуметтік желіде ер адамның жоғарғы қабаттан құлаған сәті түсірілген видео тарады. Жазбада оқиғаның Петропавл қаласындағы Әуезов көшесінде болғаны жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрдан ер адамның жоғарыдан құлап, бірінші қабаттағы баспалдаққа түскенін көруге болады. Алайда полиция адамның терезеден құлағаны туралы ақпарат келіп түспегенін мәлімдеді.
“Әуезов көшесіндегі немесе Петропавл қаласының басқа мекен-жайлары бойынша адамның терезеден құлағаны туралы полиция басқармасының 102 жедел арнасына хабарлама келіп түскен жоқ”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайны анықтап жатыр.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін