Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы білім беру арқылы ақша табуға болмайды: Вице-министр ЖОО-ларды лицензиясынан айыру туралы айтты

Университеттерге қойылатын талаптарға сай келмейтін жоғары оқу орындары кірістерінен айырылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

студенттер

Оның айтуынша, жабылған бір ғана университет жылына 4 миллиард теңге кіріс жоғалтқан. Белгілі бір бағыттар бойынша лицензияларын қайтарған 30-дан астам оқу орны бар.

"Мұндай жоғарғы оқу орындары кірісінен айырылады. Бірақ ең бастысы жоғарғы білім беруден ақша жасауға болмайды. Ол қоғамға қызмет етуі керек", - дейді вице-министр.

Білім және ғылым министрлігі университеттерді жиі тексеретін себептерін де түсіндірді.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы министрлік 36 жоғары оқу орнына мемлекеттік тапсырыс беруге рұқсат бермеу туралы шешім қабылдады.

"Бұл көптеген ЖОО-лар үшін ауыр соққы болды. Бірақ бұл жерде бірнеше  сұрақ қою қажет. ЖОО-лар студенттерге шынайы, сапалы білім бергенін қалаймыз ба? Білім беру орындары студентке жұмыс берушінің талабына сай білім бергенін қалаймыз ба? Олар жұмысқа орналаса ала ма?" - деп түсіндірді Дәуленов. 

Вице-министр азаматтар сапалы білім бермейтін университеттер жай ақша тауып жатқанын айтты.

"Қоғам бұл сұрақтарды әр университеттің алдына күн сайын қойып отыруы керек. Білім және ғылым министрлігінің тексерісіне түсетін көптеген университеттерге қауіп төніп тұр, оны университеттер де жақсы біледі", - деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, жақында білім және ғылым министрлігі Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің бас лицензиясынан айырылғаны белгілі болды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр