Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЖИТС-ке қарсы препарат қолданылды: Қазақстанда коронавирусты қалай емдеп жатыр

Жетекші дәрігерлер елімізде коронавирус инфекциясын амбулаториялық жағдайда қалай емдеп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында №3 Отбасылық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Балахметова Саягүл Жұмағалиқызы амбулаториялық кезеңде қолданылатын препаратттарға тоқталды. Соның ішінде ЖИТС-ке қарсы дәрі-дәрмектердің тек стационарлық режимде қолданылатынын жеткізген. 

"Алғашқы уақытта шыққан емдік хаттамалардың қазіргі емдік хаттамалардан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. ЖИТС-ке қарсы препараттың қолданылуына тоқталатын болсам, амбулаториялық жағдайда қолданылған емес. Стационарлық жағдайда алғашқы уақытта қолданған болар. Ол "Алувия" препараты. Оны амбулаторлық жағдайда қолданған емеспіз", - дейді №3 Отбасылық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Балахметова Саягүл Жұмағалиқызы.

Алматы қаласының бас штаттан тыс пульмонологы Қасенова Сәуле Лайыққызы әріптесінің сөзіне қосылып, бұл препараттардың әсері жайында нақты дерек жоқ екенін алдыға тартты.

"Жақында 11-хаттама жарық көрмек. Бұл хаттамадаға дәрі-дәрмектің жартысы амбулатоиялық жүйеге ауыстырылатын болады. Сол кезде ауыр препараттар қабылдау туралы нақты ақпарат бере аламыз. Ал қазір мұнтай дәрі-дәрмектер орта және ауыр жағдайдағы науқастарға қолданылуда. Оған қоса, бұл препараттардың дозасы да өзгеретін болады. Соған сәйкес, олардың әсерін анықтайтын боламыз. Бұл эксперементалды терапия болғандықтан тікелей вирусқа әсер етеді деп айту қиын", - дейді Алматы қаласының бас штаттан тыс пульмонологы Қасенова Сәуле Лайыққызы.

Талқылау